Лукашенко: "Босқындарды елдеріне қайтуға көндіре алмадық"

Беларусь ресми хабар агенттігі "Бельта" тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1734089
Лукашенко: "Босқындарды елдеріне қайтуға көндіре алмадық"

Беларусь президенті Александр Лукашенко шекараның батысындағы лагерьлерде өмір сүрген босқындарды үйлеріне қайтуға көндіре алмағандарын мәлімдеді.

Беларусь ресми хабар агенттігі "Бельта" Лукашенконың шекараның батысындағы лагерьлердегі босқындарды үйлеріне қайтуға көндіруге тырысқанын, бірақ бастамасының сәтсіз аяқталғанын хабарлады.

Лукашенко Беларусьтің өзіне қарсы бағытталған жаңа санкцияларға жауап қайтаратынын да білдірді.

Еуроодақтың (ЕО) Сыртқы байланыстар кеңесі Беларусьтен бастап күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосты.

Жиналыс туралы ақпарат берген Еуроодақ лауазымдылары Беларусьтегі кейбір тұлғалар немесе мекемелерді санкциялар тізіміне енгізу тақырыбында жаңа ережелер қабылданатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар