Йеменде 6 мың 200 адам босқынға айналды

БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі мәлімдеме жасады.

1733918
Йеменде 6 мың 200 адам босқынға айналды

Йеменнің Әл-Худейде уәлаятында жұма күнінен бері 6 мың 200 адам ел көлемінде елді-мекендерін тастап кетуге мәжбүр болды.

БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі жасаған жазбаша мәлімдемеде Йемен үкіметі мен одақтас күштердің Худейда уәлаяты маңындағы қонысын тастап кеткені білдірілді.

Мәлімдемеде Дурейхими, Бейт әл-Факих аймақтары және әл-Тухайта қаласының бақылауында ұстаған күштердің Худайденің оңтүстігінде 90 шақырым жердегі Хуха аймағына шегінгені атап көрсетілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесінің мәлімдемесіне қарағанда эвакуацияланған аймақтарды хоуситтердің басып алғаны, бірақ үкімет күштерінің хуситтерге қарсы қиян-кескі күресті жалғастырғаны хабарланды.

Осы оқиғалардың артынан өткен жұмадан бері аймақтан шамамен 4 мың 900 адамнан тұратын 700 отбасының Хуха аймағына, шамамен 1 мың 300 адамнан тұратын 184 отбасының болса Әл-Худейде уәлаятының оңтүстігіндегі әл-Муха аймағына қоныс аударуға мәжбүр болғаны жарияланған мәлімдемеде Хуха аймағына жаңа иммиграцияға байланысты 300 шатырдан тұратын жаңа бір лагерь аймағы құрылғаны хабарланды.

Аталмыш аймақтарды эвакуациялаған қарулы күштердің Йемен үкіметімен одақтас бірақ Йемен Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ Біріккен Араб Әмірліктері қолдау берген жасақтардан тұрғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар