Ауғанстандағы жарылыста 6 адам қаза тапты

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда жарылыс болып, 6 адам қаза тапты.

1733518
Ауғанстандағы жарылыста 6 адам қаза тапты

Кабулдың батысында шиіт тұрғындар өмір сүрген аймақта шағын автобусқа орналастырылған бомба жарылды.

Талибан әкімшілігі жарылыста 6 адамның қаза тауып, 7 адамның жарақат алғанын білдірді.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындаған жоқ. Дегенмен террор ұйымы ДАИШ соңғы күндері Ауғанстанның шиіт аймақтарындағы шабуылдарын арттырды.



Ұқсас жаңалықтар