Сомалидегі шабуылда 3 кісі қаза тапты

Могадишодағы Вилла Байдоа әскери штабы маңында әскери көлікке жасалған шабуылда 3 кісі қаза тапты.

1732793
Сомалидегі шабуылда 3 кісі қаза тапты

Сомалидің бас қаласы Могадишода жанкешті шабуылшының Африка Одағы Сомали күшінің көлігіне жасаған шабуылында кемінде 3 кісі қаза тапты.

Полиция басшысы Абдифетах Хасан Могадишодағы Вилла Байдоа әскери штабы маңында әскери көліктің нысанаға алынғанын айтты.

Жанкешті шабуылда 3 кісі қаза тапқанын және көптеген адамның жараланғанын айтқан Хасан  бұл адамдар арасында Африка Одағы Сомали күшінің қызметкерлері бар-жоқтығы анық емес екенін білдірді.

Куәгерлер ауруханаға жеткізілу алдында оқиға болған жерде көптеген адамның жерде жатқанын көргенін айтты.

Жанкешті шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар