Күн сайын 3-4 мың ауған босқын Иранға өтуде

Норвегия Босқындар кеңесінің бас хатшысы Ян Эгеланд Тегеранда мәлімдеме жасады.

1732674
Күн сайын 3-4 мың ауған босқын Иранға өтуде

Ауғанстанда Талибан тамыз айында бас қала Кабулды бақылауға алғаннан бері күн сайын 4-5 мың ауғанның шекарадан өтіп, Иранға кіргені жарияланды.

Норвегия Босқындар кеңесінің бас хатшысы Ян Эгеланд Иранның шығысындағы Ауғанстан шекарасына жақын Керман провинциясына барып, ауған босқындарымен кездесті.

Сапарының артынан бас қала Тегеранда баспасөзге мәлімдеме жасаған Эгеланд Талибан Ауғанстанда билікті қолға алғаннан бері шамамен 300 мың ауғанның шекарадан өтіп, Иранға кіргенін айтты.

Эгеланд қазіргі уақытта 3,5 миллион ауған азаматы тұратын және күрделі экономикалық дағдарыспен күресетін Иранға босқындар тақырыбында халықаралық қолдауды күшейтуге шақырды.

Күн сайын 4-5 мың ауғанның Иранға қашқанын білдірген және шара қолданбаған жағдайда бұл мәселенің Еуропа үшін босқын дағдарысына айналатынын ескерткен Эгеланд «Егер бұл адамдардың Еуропаға бағытталуының алдын алғысы келсе, Ауғанстан мен көрші елдерде үміт және мүмкіндікке инвестиция салуы керек» деді.

Иран Ішкі істер министрі Ахмед Вахиди қараша айының 9-ы күнгі мәлімдемесінде мыңдаған ауғандықтың күн сайын Иранға өтуге тырысқанын мәлімдеп, халықаралық қолдау көрсетілмеген жағдайда, ауған босқын толқынының Еуропаға жетуі мүмкін екенін ескерткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар