Ауғанстанда полиомиелит акциясы басталды

Ауғанстанда балаларды қорғау мақсатымен полиомиелит акциясы басталды.

1732274
Ауғанстанда полиомиелит акциясы басталды

Ауғанстанда балалар полиомиелитіне (жұлынның қабынуы) қарсы вакцина акциясы басталды.

Халықтың Денсаулығы министрінің өкілі Халандар Ебад мәлімдемесінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балаларға жәрдем  қоры ЮНИСЕФ қолдау берген 4 күндік акцияның 5 жастан төменгі 9.9 миллион балаға көмектесуді нысанаға алғанын білдірді.

Бір балаға екі компонент вакцина егілетінін айтқан Ебад:

"Балалардың кемтар қалуына себеп болған осы ауруды жою үшін талпынудамыз" деді.

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Ауғанстанда өткен жылы 56 балада осы індет байқалған, биыл бір кісі тіркелген.



Ұқсас жаңалықтар