Италия мен Грекия арасында жаңа теңіз келісімі жасалды

Италия мен Грекия теңіз жауапкершілік аумақтарын заңды түрде шектейтін келісім күшіне енді.

1731278
Италия мен Грекия арасында жаңа теңіз келісімі жасалды

Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо мен Грекия Сыртқы істер министрі Никос Дендиас екі ел арасындағы теңіз жауапкершілік аумақтарын шектеу туралы келісімнің бекіту құжаттарын бірге таныстырды.

Италияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде бас қала Римде бас қосқан Ди Майо мен Дендиастың Еуроодақтың (ЕО) жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясының артынан қаржылық сауықтыру үшін қалпына келтіру қорының экономика және энергетика саласындағы ынтымақтастық, заңсыз көш, Еуроодақтың кеңеюі, Жерорта теңізінің шығысы мен Ливия тақырыптарын талқылағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Екі министр сондай-ақ екі ел арасындағы теңіз жауапкершілік аумақтарын заңды түрде шектеу жөніндегі келісімнің ратификациялық құжаттарын алмасты. Бұл келісімнің халықаралық деңгейде күшіне енгенін растайтын бір қадам болды» делінді.

Екі министрдің өзара теңіз жауапкершілік аумақтарын шектеу туралы 2020 жылдың 11 маусымда қол қойған келісім парламенттердің бекітуінен өткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар