Германияның "Байерн" атты фрегаты Токио кемежайына аялдады

Жапония қорғаныс саласында Германиямен ынтымақтастық жасағысы келеді.

1730140
Германияның "Байерн" атты фрегаты Токио кемежайына аялдады

Жапония қорғаныс министрі Нобуо Киши Германия мен Жапония қорғаныс ынтымақтастығының "Еркін және Үнді-Тынық мұхиттың" негізінде екенін айтты.

"Kyodo" агенттігінің хабарына қарағанда министр Киши  Тынық мұхит кемежайлары сапары аясында Токиоға аялдаған Германия теңіз күштері фрегаты "Байерннің" үстіне шықты.

Бұл жерде сөз сөйлеген Нобуо Киши "Байерн" атты фрегаттың соңғы 20 жылдан кейін Жапонияға алғаш аялдаған неміс теңіз күштері кемесі екеніне назар аударды.

Киши "Неміс теңіз күштерінің кемесінің Жапонияға аялдауы Германияның осы аймақта бейбітшілік пен тұрақтылыққа белсенді үлес қосу табандылығын көрсетуі тұрғысынан өте маңызды" деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар