АҚШ-та Ковид-19 індеті асқынды

UCHealth ауруханасында жатқан науқастардың 76 пайызының, реанимация мен интубацияны қажет ететін науқастардың 86 пайызының вакцина салғызбағандар  екені жарияланды.

1729016
АҚШ-та Ковид-19 індеті асқынды

Америка Құрама Штаттарының Колорадо штатында жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті оқиғаларының қайта артуы себепті реанимация (жансақтау) бөлімшелерінің толғаны және науқастардың кері қайтарылғаны білдірілді.

New York Times газетінің хабарына қарағанда штатта өткен екі аптада Ковид-19 оқиғалары мен ауруханаға жатқан науқас санында 14 пайыз арту болған, әкім Джаред Полис аурухана келген науқастарды басқа ұйымдарға жолдау құжатына қол қойғаны білдірілді.

Штаттағы вакцина егу мөлшері төмен Лаример аймағында реанимация бөлімшесіндегі орынның толғаны, қосымша төсектер қойылғаны және науқастардың шұғыл жағдайдағы науқастарға орын бөлу үшін басқа ауруханаларға жолданғаны білдірілді.

Штатта 62 пайыз болған вакцинациялау мөлшері ел көлеміндегі 58 пайыздық вакцинациялаудан жоғары екенін, алайда штатта маска мен сақтық шаралары жоқ екені хабарланды.

Штаттағы ең үлкен UCHealth ауруханасында жатқан науқастардың 76 пайызының, реанимация мен интубацияны қажет ететін науқастардың 86 пайызының вакцина салғызбағандар  екені жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар