Жаңа лагерь салынады

Йемен жаңа бес лагерь құрылатынын хабарлады.

1728527
Жаңа лагерь салынады

Йемен үкіметі қақтығыстарға байланысты көшіп кеткен мыңдаған адам үшін Мариб уәлаятында жаңа бес лагерь құрылатынын хабарлады.

Йеменнің ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Мариб әкімі Султан әл Арраде хоусит сарбаздар ауылдар мен елді мекендерді бомбалағаннан кейін үйлерінен көшіп кеткен босқындар үшін жедел түрде баспана салуға нұсқау берді.

Арраде Марибтің Куба және Вади аудандары маңында 55 мың адамның қиын шарттарда тұрып жатқанын,  олар үшін жаңа бес лагерь салынатынын атап көрсетті.

Халықаралық Көші-қон ұйымының есебіне қарағанда осы жылдың басынан бері Йеменде 74 мыңнан астам адам елінен көшіп кетуге мәжбүр болған.



Ұқсас жаңалықтар