Кабулдағы лаңкестікті ДАИШ мойындады

Бомбалы шабуылды ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды.

1728498
Кабулдағы лаңкестікті ДАИШ мойындады

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдың Везир Акбар Хан аймағындағы Сердар Мұхаммед Давуд Хан ауруханасында кеше болған бомбалы шабуылды ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алды.

ДАИШ террорлық ұйымы әлеуметтік желіден бес шабуылдаушымен ұйымдастырылған лаңкестікте Талибанның алдынғы қатарлы бір қолбасшысы да бар бір топ ұйым мүшесінің өлтірілгенін алға тартты.

Талибанның баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид болса шабуылда төрт бейбіт тұрғын мен Талибанның үш мүшесінің өлгенін білдірген еді.

Куәгерлердің айтуынша лаңкестікте жиырмадан астам адам қаза тапты,  қырық адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар