АҚШ Израильмен бірлескен әскери-теңіз жаттығуы бастады

АҚШ күштерінің жаттығудан кейін Парсы шығанағы аймағына жіберілетіні білдірілді.

1728746
АҚШ Израильмен бірлескен әскери-теңіз жаттығуы бастады

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Теңіз жасақтарының арнайы бөлімшесі Иранмен қақтығыс ықтималына қарсы дайындалу үшін Израильдің Әскери-теңіз күштері командаларымен бірлескен жаттығуы бастады.

Израильдің Канал 12 телеарнасының хабарына қарағанда АҚШ-тың теңіз күштерімен жаттығу аймағына келген Task Force 51 арнайы күші Израильдің оңтүстігіндегі Эйлат қаласына әуе арқылы жеткізілді.

Хабарда алдында ортақ жаттығу өткізген АҚШ-Израиль күштерінің алғаш рет «Иранның аймақтағы бір АҚШ консулдығы немесе бір кемені басып алуға тырысу» сценарийі бойынша жаттығу өткізгені атап өтілді.

АҚШ күштерінің жаттығудан кейін Парсы шығанағы аймағына жіберілетіні білдірілді.

Израиль Әскери-теңіз флоты мен арнайы десанттық Шейет 13 әскери-теңіз бөлімі қатысқан жаттығумен Тегеранға қарсы күш көрсету арқылы Израиль мен АҚШ ынтымақтастығын көрсету мақсат етілгені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар