Орталық Африка Республикасында БҰҰ-ның 10 әскеріне шабуыл жасалды

БҰҰ-ның мысырлық 10 бейбітшілік күші әскері президенттің сақшылары атқан оқтан жараланды.

1728312
Орталық Африка Республикасында БҰҰ-ның 10 әскеріне шабуыл жасалды

Орталық Африка Республикасында қызмет атқарған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мысырлық 10 Бейбітшілік күші қызметі сарбазы президенттің сақшылары атқан оқтан жараланды.

Орталық Африка Республикасындағы БҰҰ-ның көп өлшемді біріктірілген тұрақтандыру миссиясы (MINUSCA) жасаған мәлімдемеде«М'Поко» халықаралық әуежайынан әскери бөлімшелеріне қайтып бара жатқан қарусыз мысырлық БҰҰ Бейбітшілік күші қызметі сарбаздарына президенттің сақшыларының оқ жаудырғаны атап өтілді.

Атыс салдарынан 10 мысырлық сарбаз жараланды, оның екеуі ауыр күйде екені білдірілді.

Бейбітшілік күштері әскерлеріне «алдын ала ескертусіз және себепсіз» оқ атылғаны айтылған мәлімдемеде Орталық Африка Республикасы лауазымдыларының оқиғаны дереу тергеуге шақырылғаны атап көрсетілді.

Сонымен қатар мәлімдемеде оқиға орнынан кетуге тырысқан бейбітшілік күштері мінген автобус қағып кеткен әйелдің отбасына да көңіл айтылды.

Орталық Африка Республикасы лауазымдылары әзірге оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар