Ауғанстан мен Пәкістан шекарасы қайта ашылды

31 желтоқсан күніне дейін Пәкістан үкіметі Ауғанстан халқынан виза ақысын алмайды.

1728132
Ауғанстан мен Пәкістан шекарасы қайта ашылды

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы Спин Болдак шекара қақпасы жүргінші және коммерциялық көліктер үшін ашылды.

Ауғанстан баспасөзінің хабарына қарағанда, Ауғанстанның Кандагар уәлаятына қарасты Спин Болдак ауылы мен Пәкістанның Белуджистан уәлаятына қарасты Чемен қаласы арасындағы шекара бір айдан кейін қайта ашылды.

Пәкістанның Ауғанстандағы өкілетті елшісі Менсур Ахмет Хан әлеуметтік медиада шекараның ашылғанын, 31 желтоқсан күніне дейін Пәкістан үкіметінің Ауғанстан халқынан виза ақысын алмайтынын хабарлады.

Шекарадан жергілікті уақытпен сағат 08,00-16,00 арасында өтуге болады.



Ұқсас жаңалықтар