Австралия бірінші рет жолаушы қабылдады

Жиырма айдан кейін шекарасын ашты.

1727597
Австралия бірінші рет жолаушы қабылдады

Коронавирус эпидемиясына байланысты тығыз шаралар қолданған Австралия 2020 жылдың наурыз айында жабылған шекараларын қайтадан ашты.

Шамамен 20 айдан кейін екі компонент ковид вакцинасын салдырған австралиялықты тасыған алғашқы ұшақ таңертең ертемен Сидней әуежайына келіп қонды.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты премьер-министрі Длминик Перроттет Америка Құрама Штаттарынан келген жолаушылардың шекарадан кіргеннен кейін немесе ел ішінде карантинге жабылмайтынын білдірді. «Штатымыз үшін керемет күн» деді ол.

Елге алдымен Австралия азаматтары,  тұрақты ықтиярхат иелері және олардың бірінші дәрежеде жақындары қабылданады.  Екіншіден шетелдік студенттер қабылданады. Шекара шетелдіктерге кейіннен ашылады.



Ұқсас жаңалықтар