Байден Ватиканда Папа Францискпен кездесті

Джо Байден Ватиканда Папамен кездескен АҚШ-тың 14-ші президенті болды және баспасөзге жабық кездесу 90 минут жалғасты.

1726696
Байден Ватиканда Папа Францискпен кездесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Ватиканда Католиктердің рухани көсемі Рим Папасы Францискпен кездесті.

Джо Байден жұбайы Джилл Байденмен бірге Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға сапарлай барды.

Джо Байденнің Ватиканға бару себебі ұзақ уақыттан бері қоғамдық және жеке өміріне байланысты идеогиялық жақтан қолдау берген Папа Францискпен танысу екені білдірілді.

Джо Байден Ватиканда Папамен кездескен АҚШ-тың 14-ші президенті болды және баспасөзге жабық кездесу 90 минут жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар