Жапонияда ұшатын мотоцикл сатылымға шықты

Жапониядағы технологиялық бір компания өндірген ұшатын мотоцикл сатылымға шықты.

1726291
Жапонияда  ұшатын мотоцикл сатылымға шықты

Бұл ерекше мотоциклге ие болу үшін төленетін баға 680 мың долларды құрайды.

Ұшатын мотоциклдің төрт қозғалтқышы бар және толық зарядталған бір реттік аккумулятордың қуатымен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен 40 минут ұшады.

Жапонияның технология мен электр қуаты алпауыттары қолдау көрсететін компания 2022 жылдың ортасына дейін бір адамға арналған 200 ұшатын мотоцикл шығаруды мақсат етіп отыр.

Жапонияның қолданыстағы заңдары ұшатын мотоциклдерді қозғалысты жолдарда пайдалануға рұқсат бермейді.

Осы себепті ұшатын мотоциклдерді біраз уақыт арнайы жарыс жолдарында пайдалану жоспарлануда.



Ұқсас жаңалықтар