ПКК-Түркия мен Ирактың ортақ қайғысы

Барзани: "Түркиямен сауда жасаудамыз, көршіміз, ортақ қауіпсіздік уайымдарымыз бар. Осы байланыстар екі тарап үшін де пайдалы болмақ" деді.

1725922
ПКК-Түркия мен Ирактың ортақ қайғысы

Ирак Күрд аймақтық үкіметінің премьер-министрі Мансур Барзани бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның аймақта қауіпсіздік пен экономикалық мәселелер туғызғанын білдірді.

Мансур Барзани Эрбильде Орталық Шығыс Зерттеу институты тарапынан ұйымдастырылған "Тұрақты бір Орталық Шығыс үшін тұрақты бір Ирак болуға тиісті" деген тақырыптағы форумда сөз сөйледі.

Түркиямен байланыстардың көп салалы екеніне тоқталған Барзани:

"Түркиямен сауда жасаудамыз, көршіміз, ортақ қауіпсіздік уайымдарымыз бар. Осы байланыстар екі тарап үшін де пайдалы болмақ" деді.

Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның кейбір аймақтарды жаулап алғанына және жергілікті халықтың үйлері мен жерлеріне баруына кедергі жасағанына назар аударған Барзани мұның қауіп туғызғанын және өздері үшін экономикалық мәселелер жаратқанын атап көрсетті.

Барзани Түркияның Иракта ПКК террорына бағатталған операциялары жөнінде:

"Егер аймақта ПКК болмаса, Түркияның осы ұйымның соңына түсуін қақылы деп қарау қиын болар еді" деді. 



Ұқсас жаңалықтар