G20 көшбасшылар саммиті Римде бетпе-бет өтеді

Түркия атынан президент Ердоған қатысады.

1725687
G20 көшбасшылар саммиті Римде бетпе-бет өтеді

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті басталғалы бері G20 көшбасшылар саммиті бірінші рет бетпе-бет Римде өтеді.

2020 жылдың 1 желтоқсанында Сауд Арабиясынан G20 төрағалығын алған Италия 30-31 қазанда Римде өтетін G20 көшбасшылар саммитінде төрағалығын аяқтайды.

Саммитте көшбасшылар эпидемияға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге назар аударады және көпжақтылықты, теңдік пен денсаулық сақтаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, болашақ күйзелістерге төзімділікті арттыру және жалпы әл-ауқатты қолдау бойынша жаңа міндеттемелер қабылдайды деп күтілуде.

Италия саммиттен кейін кезеңдік төрағалығын Индонезияға береді.

Саммитке Түркия атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысады. Сонымен бірге Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Франция президенті Эммануэль Макрон да бар көптеген елдің мемлекет және үкімет басшылары келеді.

Президент Ердоған саммит барысында әлем көшбасшыларымен қарқынды дипломатиялық қатынас жүргізеді деп жоспарланды.

Ал Германияда өткен сайлауда қайтадан үміткер болмай, саясатпен және премьер-министрлікпен қоштасуға дайындалып жатқан канцлер Ангела Меркель G20 Лидерлер саммитіне елі атынан соңғы рет қатысады.

Түркия, АҚШ, Англия, Ресей, Жапония, Канада, Германия, Франция, Австралия, Бразилия, Аргентина, Үндістан, Қытай, Индонезия, Мексика, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея және Еуропалық Одақ, сондай-ақ қабылдаушы Италия шақырған елдер мен Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Дүниежүзілік банк, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өкілдері қатысады.

Саммитке Ресей президенті Владимир Путин, Жапония премьер-министрі Фумио Кишида, Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор және Қытай төрағасы Си Цзиньпин онлайн режимде қатысады деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар