ДДСҰ саяхаттарда Ковид-19 вакцинасы дәлелін сұрамауды ұсынды

ДДСҰ194 мүше елге халықаралық саяхаттарда тек шарт ретінде "Ковид-19 вакцинасы дәлелін" сұрамауды ұсыныс етті.

1725385
ДДСҰ саяхаттарда Ковид-19 вакцинасы дәлелін сұрамауды ұсынды

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар комитеті мүше елдерге халықаралық саяхаттарда тек шарт ретінде "Ковид-19 вакцинасы дәлелін" сұрамауды ұсыныс етті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Др. Тедрос Адханом Гебрейесус төрағалығында Төтенше жағдайлар комитетінің 9-шы жиналысы 22 қазанда ұйымның Женевадағы орталығында видео конференция арқылы өткізілді.

Комитет жасаған ұсыныс шешімдерін жариялады.

Комитеттің жазбаша мәлімдемесінде Ковид-19 індетінің "Әлем көлемінде халықтың денсаулығына нашар әсерінің жасалғасып жатқанына" және "халықаралық ұйымдық күресті қажет ететін төтенше жағдай" екеніне ортақ дауыспен шешім жасалғаны жеткізілді. 

Комитет Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына мүше 194 елге халықаралық саяхаттарда тек шарт ретінде "Ковид-19 вакцинасы дәлелін" сұрамауды ұсыныс етті. Бұған себеп ретінде Ковид-19 вакциналарына "жаһандық өреде шекті қолжетімділік" және "вакциналардың әділетсіз таратылуы" көрсетілді.

Төтенше жағдайлар комитеті ұйым шұғыл қолдануға рұқсат берген Ковид-19 вакциналарын тануы үшін барлық елге шақыру тастады.   



Ұқсас жаңалықтар