Иран Атомдық келіссөздерді жалғастыру ниетінде

Энрике Мора 14 қазанда Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Бакиримен Иран мен Еуроодақ келіссөздерін қайта бастаған болатын.

1724765
Иран Атомдық келіссөздерді жалғастыру ниетінде

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Бакири Еуропалық Одақтың  Сыртқы байланыстар қызметі Бас хатшысының орынбасары және саяси директоры Энрике Морамен "нәтижені негіз еткен келіссөздерді" жалғастыратынын айтты.

Али Бакири Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде Тегеран мен Еуропа Одағы елдері арасындағы атомдық келіссөздердің 27 қазанда Бельгия бас қаласы Брюссельде жалғасатынын білдірді.

Еліне жасалған санкцияларды жоятын, Иранның сауда мен экономикалық байланыстарын кепілдікке алатын және болашақта уәделердің бұзылмауын қамдайтын келіссөздерді жалғастыруға бел байлағандарын жеткізген Бакири мыналарды айтты:

"Басты мәселе - қарсы тараптың мүшеліктен шығу арқылы қайшылық жасаған елді күйретуші саясаттарынан бас тартуға шақыруды қамтыған кепілдіктерді орындауға дайын болған-болмағаны. Табыссыз қысымды саясаттарды атқару келіссөздердің кедергілерін жоймайды, тіпті былықтырады."

Энрике Мора 14 қазанда Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Бакиримен Тегеранда кездесіп, Иран мен Еуроодақ келіссөздерін қайта бастаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар