БҰҰ Йеменге жәрдем жолдады

БҰҰ Мариб уәлаятында менкенінен айырылған 2 мың 700-ден астам отбасына азық-түлік жәрдемін жеткізгеніН хабарлады.

1724795
БҰҰ Йеменге жәрдем жолдады

Біріккен Ұлттар Ұйымы Йеменнің Мариб уәлаятында 2 мың 700-ден астам отбасына азық-түлік жәрдемін жеткізді.

Йемендегі БҰҰ Гуманитарлық істер координация офисінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Мариб уәлаятында менкенінен айырылған 2 мың 700-ден астам отбасына азық-түлік жәрдемін жеткізгені хабарланды.

Мәлімдемеде Марибте 6 денсаулық сақтау орталығының қызмет бергені білдірілді.

Йемендегі Иран қолдауындағы хоситтер 2014 жылы қыркүйектен бер астана Сана мен кейбір аймақтарды бақылауға алуда. Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылы наурыздан бастап хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беріп келеді. 

Йеменде 7 жылдан бері жалғасқан қақтығыстарда 233 мыңнан астам ақаза тапты. Әлемнің ең кедей елі арасындағы Йемен ішкі соғыцс себепті гуманитарлық дағдарыста асқынып барады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы 30 миллионнан астам жан саны бар дағдарыстағы Йеменде 22 миллионнан астамның жәрдемге мұқтаж екенін хабарлады.

Йеменде заңды үкіметтің басты қамалының бірі және Қорғаныс министрлігі базасы тұратын, сонымен бірге мұнай мен табиғи газ қабаты бар Марибті алуға талпынған хоуситтер 2021 жыоы ақпаннан бері осы айм аққа шабуылды арттырды.



Ұқсас жаңалықтар