Талибанды шақырмады

Талибан әкімшілігі Тегеранда өтетін Ауғанстан бойынша жиналысқа шақырылмады.

1724459
Талибанды шақырмады

Ауғанстандағы Талибан әкімшілігі 27 қазанда Иран астанасы Тегеранда өтетін Ауғанстан бойынша жиналысқа шақырылмады.

Талибан қозғалысының өкілі, уақытша үкіметтің Мәдениет министрінің орынбасары міндетін атқарушы Забихулла Муджахид өздерінің Тегеран кездесуіне әлі шақырылмағанын айтты.

Мужахид бұл жиналыс Ауғанстанға пайдасы тиеді деп ойлайтындарын білдірді.

Басқа жақтан Иранның Ауғанстандағы елшілігі Ауғанстанның көршілес елдері қатысатын және Тегеран үкіметі ұйымдастыратын кездесудің 27 қазан күні болатынын хабарлады.

Кездесуге Пәкістан, Қытай, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Ресейден өкілдер келеді деп күтілсе, онда Ауғанстанда ауқымды ұлттық үкімет құру және қақтығысты тоқтату мәселелері талқыланады.

20 қазанда Ресей астанасы Мәскеудің ұйымдастыруымен «Мәскеу форматында» Ауғанстан мәселесіне арналған жиын өтті.

Жиынға Ресей, Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ Тәжікстан, Пәкістан, Қытай, Үндістан және Иранның өкілдері қатысты.

Ауғанстанда Талибан құрған уақытша үкіметтің вице-премьері Абдул Салам Ханефи бастаған делегация да қатысқан жиында Ауғанстанның жаңа әкімшілігіне «ауқымды үкімет» құру туралы үндеу тасталды.



Ұқсас жаңалықтар