Індет аяқталмай тұр

Гебрейесус: «Эпидемия қашан аяқталады?» деген сұраққа жауап берді.

1724555
Індет аяқталмай тұр

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейесус жаһандық ауқымдағы вакцинациядағы теңсіздікке назар аударып, жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетінің әлі аяқталмай тұрғанын айтты.

Sputnik хабарына қарағанда, кеше Германияда басталған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау саммитінің ашылуында сөз сөйлеген Гебрейесус: «Эпидемия қашан аяқталады?» деген сұраққа жауап берді.

Ол: «Менің жауабым: Эпидемия әлем оны тоқтатуды таңдаған кезде аяқталады. Бұл өз қолымызда. Бізде барлық қажетті құралдар, тиімді қоғамдық құралдар және тиімді медициналық жабдықтар бар. Дегенмен әлем бұл құралдарды пайдаланбады, аптасына 50 мыңға жуық доза арқылы індет аяқталмайды. Өздеріңіз білетіндей, біз осы жылдың соңына дейін әр ел халқының 40 пайызын вакцинациялауды мақсат еттік» деді.

Үлкен жиырмалыққа мүше елдер мен 40 пайыздық вакцинацияға жеткен елдер Ковид-19 вакцинасына мұқтаж басқа елдерге беруі керектігін айтқан Гебрейесус бұл індетті тек осылай жеңуге болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар