Израиль күштері 1282 палестиналықты ұстады

Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындар саны 4 мың 600 кісіге жетті.

1724121
Израиль күштері 1282 палестиналықты ұстады

Израиль күштері соңғы үш айда жауланып жатқан Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде ұйымдастырған операцияларда 1282 палестиналықты ұстады.

Палестина Азаттық ұйымына қарасты Палестина Тұтқындар өмірі және Палестина Тұтқындар қоғамы, Замир тұтқындарды қорғау ұйымы және  Вади Хилве информация орталығы ортақ дайындаған рапортта Израиль күштерінің соңғы үш айда жауланып жатқан Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде ұйымдастырған операцияларына байланысты мәліметтер жарияланды.

Рапортта Израиль күштерінің соңғы үш айда ұйымдастырған операцияларда ұстаған 1282 палестиналықтың 525-і Шығыс Иерусалимнен екені білдірілді.

Ұсталғандардың 160-ы 18 жастан төменгі балалар екеніне назар аударылған рапортта ұсталғандардан 37 кісінің әйелдер екені хабарланды.

Рапортта Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындар саны 4 мың 600 кісіге жеткені, олардың арасында 500 кісінің әкімшілік қылмысымен ұсталғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар