Pfizer мен BioNTech - 95.6 пайыз әсерлі

Вакцина сынамаларына қатысқандардың 55.5 пайызы 16-55 жас арасындағылар, 23.3 пайызы 65 жас және одан үлкен адамдар екені хабарланды.

1723215
Pfizer мен BioNTech - 95.6 пайыз әсерлі

Америкалық Pfizer мен Германия BioNTech компанияларының жаңа типті коронавирус (Сovid-19)  індетімен күрес үшін жетілдірген вакцинасының 3-ші компоненті 95.6 пайыз әсер көрсетті.

Тақырыпқа байланысты жарияланған мәлімдемеде 16 жас пен одан жоғарғы 10 мың қатысушыға жасалған сынамада ауруға қарсы 95.6 пайыз әсерлі болғаны білдірілді.

Pfizer атқарушы директоры  Альберт Бурла:

"Осы нәтижелер адамдарды осы ауруға қарсы жақсы қорғауды нысанаға алғанымыз үшін қосымша компоненттердің пайдасы жайлы тіпті көп дәлел көрсетуде" деді. 

Аталмыш сынамаларға қатысқандардың 55.5 пайызы 16-55 жас арасындағылар, 23.3 пайызы 65 жас және одан үлкен адамдар екені хабарланды.

Pfizer осының алдында вакцинаның ықпалдық мөлшерінің 2-ші компоненттен кейінгі 4 ай ішінде 96 пайыздан 84 пайызға дейін төмендегенін білдірген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар