Ирак Сирия шекарасына қабырға орнатты

Ирак Сирия шекарасына тікенді тор мен бақылау мұнараларынан құралған 650 километрлік қауіпсіздік қабырғасын орнатты.

1723251
Ирак Сирия шекарасына қабырға орнатты

Ирак армиясы елге кірген террористерді тосу мақсатымен Сирия шекарасына тікенді тор мен бақылау мұнараларынан құралған 650 километрлік қауіпсіздік қабырғасы орнатылғанын хабарлады.

Ирак армиясының мәлімдемешісі Яхия Ресул хабар агенттігі ИНА-ға жасаған мәлімдемесінде  Сирия территориясындағы террористердің елі үшін қауіпті екенін айтты.

Яхия Ресул Сирия тарапымен бірге бақылау мұнаралары, термалды камералар және тікенді тордан құралған 650 километрлік қауіпсіздік қабырғасын орнатып болғандарын айтты.

Ирак қауіпсіздік күштерінің елдің шекарасын мықты қорғағанын айтқан Ресул Ирак-Сирия шекарасының барлығын бақылауға алу және террористердің Иракқа кіруін тосуды мақсат еткендерін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар