"Астана процесі" жиналысы Женевада жалғасуда

Кездесулерде Түркия делегациясына Сыртқы істер министрлігінің Сирия Бас директоры елші Селчук Үнал төраға болды.

1723204
"Астана процесі" жиналысы Женевада жалғасуда

"Астана процесінің" кепіл елдері Түркия, Ресей және Иран делегацияларының "Сирия" тақырыбындағы жиналысы Швейцариядағы Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева офисіндегі Тұрақты өкілдігінде басталды.

Кездесулерде Түркия делегациясына Сыртқы істер министрлігінің Сирия Бас директоры елші Селчук Үнал төраға болды.

Ресейден президент Владимир Путиннің Сирия арнайы өкілі Александр Лавретьев, Иран делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Асгар Хажи өкіл болған жиналыстарда негізгі тақырып Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева офисінде жалғасып жатқан Сирия Атазаң комитетінің алтыншы туры екені білдірілді. 

Сирия Атазаң комитетінің алтыншы тур кездесулері БҰҰ Сирия арнайы өкілі Гейр Педерсеннің төрағалығында 18 қазанда басталған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар