Талибан: "Барлық ауғандықтар төлқұжат алуға құқылы"

Ішкі істер министрлігі Төлқұжат бас директоры уәкілі Алем Гүл Хаккани BBC-ге сұхбат берді.

1722794
Талибан: "Барлық ауғандықтар төлқұжат алуға құқылы"

Талибан әкімшілігі барлық ауғандықтардың төлқұжат алуға құқылы екенін жариялады.

Талибан уақытша үкіметінің Ішкі істер министрлігі Төлқұжат бас директоры уәкілі міндетін атқарушы Алем Гүл Хаккани BBC-ге сұхбат берді. Хаккани 15 тамыз күні тоқтатылған паспорт тарату жұмыстарының қайта басталуының артынан күніне шамамен 4 мың мен 4 мың 500 дана паспорт бергендерін және қазірге дейін берілген төлқұжат санының 46 мыңға жақындағанын атап, «Барлық ауғандықтар төлқұжат алуға құқылы» деді.

Төлқұжат жұмыстарын жүйеге енгізгендерін білдірген Хаккани халықтың тиісті кеңселер арқылы еш қиындықсыз паспорт ала бастағанына назар аударды.

Хаккани төлқұжат беретін кеңселердің баршаға қызмет көрсеткеніне назар аударып, шетелге барғысы келетіндерге құжаттарын беретіндерін және бұрынғы әкімшілік қызметіндегілерге де төлқұжат берілетінін білдірді.

Ауған халқының болашағы үшін Талибан әкімшілігінің бар күш-жігерін жұмсап жатқанын түсіндірген Хаккани ешкімнің елден кетуге міндетті емес екенін және қорықпау керектігін мәлімдеді.

Хаккани баршаға төлқұжат бергендерін, ешкімнің елден кетуіне кедергі жасамағандарын, ешкімді жәбірлемегендерін, болымсыз көзқарастардың дұшпандардың үгіт-насихаты екенін алға тартып, емделуге мұқтаждар, спортшылар мен студенттердің де басым топта орын алғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар