Сирия атазаңы үшін жиналыс жалғасуда

Жиналыстың бүгін төртінші күні.

1722993
Сирия атазаңы үшін жиналыс жалғасуда

БҰҰ-ның Швейцарияның Женева қаласындағы кеңсесінде Сирия Атазаң комитеті жиналыстарының алтыншы туры өтіп жатыр. Жиналыстың бүгін төртінші күні.

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Геир Педерсен басшылығында болып жатқан жиналыс үшін комитеттің оппозиция мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Асад үкіметі өкілдері келді.

Бүгінгі отырыстарда тараптар алтыншы тур жиналыстың күн тәртібіндегі «Сирияның жаңа атазаңының жобасының дайындалуы» шеңберінде терроризммен күрес және ұшқарылық тақырыптарын талқылайды.

 

Сонымен бірге ұлттық егемендік, армия, қауіпсіздік, барлау және құқықтың үстемдігі тақырыптары да қолға алынады.

Сирия Атазаң комитетінің жиналыстарының алтыншы туры ертең аяқталады.


Этикеттер: #БҰҰ , #атазаң , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар