НАТО Ресейдің шешімін айыптады

Йенс Столтенберг бүгін басталатын НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы алдында мәлімдеме жасады.

1722626
НАТО Ресейдің шешімін айыптады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің дипломатиялық бюросын жабу шешімінің мәселелерді диалог жолымен жөнге салуға қызмет көрсетпейтінін айтты. 

Йенс Столтенберг бүгін басталатын НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы алдында мәлімдеме жасады.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің 1 қарашадан бастап НАТО өкілдігіндегі іс-шараларын тоқтату шешімі мәселелерді диалог жолымен шешуге қызмет етпейтінін айтып, Ресей мен НАТО арасындағы қарым-қатынастардың Қырғиқабақ соғыстың аяқталуынан бергі ең төмен өреде екенін білдірді. 

Йенс Столтенберг:

"Ресейдің тыңшылық іс-шараларына елеусіз қарай алмаймыз. Алайда диалог негізінде қарым-қатынас орнатуды қалаймыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар