Испанияда "Жылау үйі" ашылды

Испанияда 10 жастың біреуінде психикалық денсаулық мәселесі бар. Жан санының мөлшермен 6 пайызының уайымшылдық мәселесі бар.

1721311
Испанияда "Жылау үйі" ашылды

Испанияның бас қаласы Мадридте "Жылау үйі" ашылды.

Психологиялық проблемасы барлар көбінесе бір маманнан жәрдем алудан тартынады.

Испанияда рухани денсаулықтың маңыздылығына назар аударуды мақсат еткен қызықты бір әдіс табылды. 

Испания бас қаласы Мадридте жекеменшік бір клиникада "Жылау үйі" ашылды.

Мұның мақсаты психологка қаралудың қалыпты жағдай екенін көрсету.

Түрлі-түсті бұлыңғыр түстермен жарықтандырылған жылау үйінің қабырғаларына психологтардың телефон номерлері ілінді.

"Кел, жыла", "Менің де алаңдарым бар", "Жаман болу да жақсылық", "Батыл болғандар жылайды" деген сөздер жазылды. 

Испанияда үкіметтің санағына қарағанда елдегі әрбір 10 жастың біреуінде психикалық денсаулық мәселесі бар. Жан санының мөлшермен 6 пайызының уайымшылдық мәселесі бар. 



Ұқсас жаңалықтар