Колин Пауэлл қайтыс болды

Хабарламада Пауэллдің вакцинаның екі компонентін де салғызғаны айтылды.

1721316
Колин Пауэлл қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарының Африка текті тұңғыш Мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл қайтыс болды.

CNN телеарнасының хабарына қарағанда, 84 жасар Пауэллдің өлім хабарын отбасы әлеуметтік желіден ариялады.

Хабарламада «АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы және Бас штаб төрағасы, генерал Колин Пауэлл коронавирус асқынуына байланысты бүгін таңертең қайтыс болды» деп айтылды.

Хабарламада Пауэллдің вакцинаның екі компонентін де салғызғаны айтылды.

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында 1937 жылы туған Пауэлл 2001 жылы елдің 65-ші Мемлекеттік хатшысы міндетіне келген еді.

Ол 2005 жылға дейін осы міндетті атқарды.



Ұқсас жаңалықтар