Германиядағы тікұшақ апатында 3 кісі мерт болды

Гейдельберг қаласынан 50 километр шығыста болған апаттың себебі әлі анық емес екені хабарланды.

1720828
Германиядағы тікұшақ апатында 3 кісі мерт болды

Германияның Баден-Вюртемберг уәлаятында тікұшақтың құлауы салдарынан алғашқы санаққа қарағанда 3 кісінің қаза тапқаны білдірілді.

Полиция тарапынан жасалған мәлімдемеде Гейдельберг қаласынан 50 километр шығыста болған апаттың себебі әлі анық емес екені хабарланды.

Мәлімдемеде 3 кісі қаза тапқан апатта басқа шығынның бар-жоқтығы зерттеліп жатқаны жарияланды.

Гессен мен Бавария  шекарасына жақын аймақта болған апат жеріне көптеген өрт сөндіру тобы мен жедел жәрдем көліктері жолданғаны, іздеу-құтқару жұмысының басталғаны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар