АҚШ Венесуэланың бейбітшілігін қаламайды

Венесуэла Президенті Николас Мадуро оппозициямен жалғастырған келіссөздерді Америка Құрама Штаттарының бұзғанын айтты.

1720972
АҚШ Венесуэланың бейбітшілігін қаламайды

Мемлекеттік тедедидар "VTV"-ке мәлімдеме жасаған Мадуро оппозициямен 13 тамыздан бері жалғасқан диалогқа Америка Құрама Штаттарының араласқанын баяндап, кездесулерден бас тартқандарын білдірді.

Мадуро кеше Батыс Африка елі Кабо-Верде лауазым иелері тарапынан АҚШ-қа тапсырып берген Алекс Саабтың венесуэлалық бір дипломат екенін алға тартып, "АҚШ Мексика диалог комиссиясының бір мүшесі болған Алекс Саабты алып қашып, Мексикадағы келіссөздерге қатты соққы берді. АҚШ диалог қаламайды, Венесуэланың бейбітшілігін қаламайды" деген сөздер қолданды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар