АҚШ-та вакциналар қоқысқа тасталды

АҚШ-та наурыз бен қыркүйек айлары арасында 15 миллион компонент Ковид-19 вакцинасы қоқысқа лақтырылған.

1720872
АҚШ-та вакциналар қоқысқа тасталды

Америка Құрама Штаттарында қолданылмаған жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакциналарының қоқысқа тасталғаны анықталды.

АҚШ Ауруды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) білдіруіне қарағанда елде наурыз бен қыркүйек айлары арасында 15 миллион компонент Ковид-19 вакцинасы қоқысқа лақтырылған.

Басқа бір зерттеуде желтоқсан мен шілде айлары арасында бір миллион компонент вакцинаның қолданылмағаны анықталған. 

Вакциналардың қоқысқа тасталуының басты себебінің бірі ектірушілердің уақытында келмеуі екені білдірілді.

Штаттарға таратылған вакциналар әкімшілік кедергілер мен қауіпсіздік алаңы себепті басқа елдерге де берілмеді.

АҚШ-та вакциналар қоқысқа лақтырылып жатқанда әлемде миллиондаған адам әлі алғашқы компонент вакцинаны ектіруді  күтуде. 

Қыркүйек айына дейін кедей елдерде жан санының 3 пайызы ғана алғашқы компонент вакцинаны ектірді. 



Ұқсас жаңалықтар