70 жастағы әйел ұл тапты

70 жасқа келген Дживунбен Рабари мен 75 жастағы күйеуі Мальдхари 45 жылдан бері ерлі-зайыпты.

1720842
70 жастағы әйел ұл тапты

Үндістанда 70 жастағы әйел алғашқы сәбиін құшағына алды.

Дәрігерлердің  "Қартайғанда балалы болу мүмкін емес" деген ескертуін тыңдамаған шешенің арманы ұзақ жылдан кейін орындалды. 

70 жасқа келген Дживунбен Рабари мен 75 жастағы күйеуі Мальдхари 45 жылдан бері ерлі-зайыпты. 

Жұбайлар Үндістанның Гуджарат уәлаятының Камера ауылында тұрады.

Ұзақ жылдардан бері сәби күткен жұбайлар армандарына жете алмаса да, үмітін үзбеді. 

Жұбайлар дәрігерлердің  "Қартайғанда балалы болу мүмкін емес" деген ескертуін тыңдамады. 70 жасқа келген әйел  соңында дәрігерлердің жәрдемімен балпанақтай ұл тапты.

Қасында күйеуі, құшағында сәбиімен суретке түскен үнді әйел қиял еткен сезімге соңында қауышты. 



Ұқсас жаңалықтар