Пәкістан авиакомпаниясы Кабул рейсін тоқтатты

Авиакомпания Талибанның ережені өзгерту сұранысына байланысты осы елге рейстерін тоқтатты.

1719743
Пәкістан авиакомпаниясы Кабул рейсін тоқтатты

Пәкістанның халықаралық авиакомпаниясы PIA Талибан билет бағасын төмендетуді сұрағаннан кейін осы елге рейстерін тоқтатты.

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда, авиакомпания Талибанның ережені өзгерту сұранысынан кейін осы елге рейстерін тоқтатты.

Авиакомпания Ауғанстан Транспорт және авиация министрлігінің мәлімдемесінен кейін шешімін жариялады.

Ауғанстан Транспорт және авиация министрлігі PIA және жергілікті авиакомпания Kam Air-ден Кабул-Исламабад билет бағасын төмендетуді сұраған болатын.

Мәлімдемеде сондай-ақ кезкелген бір ереже бұзушылықта PIA және Kam Air компанияларының Кабул-Исламабад рейстерінің тоқтатылатыны айтып ескерту жасалған болатын.

Бұдан бұрын 120-150 доллар болған Кабул-Исламабад ұшақ билеті 2000-2500 долларға сатылуда. PIA сақтандыру бағасы артқаннан кейін билет бағасының да артқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар