Орталық Азия елдері АҚШ-тың әскер әкелуіне қарсы

Сергей Лавров: "Орталық Азиядағы достарымыз бізге АҚШ немесе НАТО елдерінің әскер орналастыруын қаламайтындарын айтуда" деді.

1719886
Орталық Азия елдері АҚШ-тың әскер әкелуіне қарсы

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Орталық Азияға әскер орналастыру талабына аймақ елдерінің қарсы екенін айтты. 

Сергей Лавров Беларусьтың бас қаласы Минскте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында журналистердің АҚШ-тың Өзбекстанға террормен күрес күштерін орналастыру ниетіне байланысты сұрақтарына жауап берді. 

Ресейдің Орталық Азиядағы көршілері, одақтастары мен стратегиялық ортақтарымен тығыз байланыс жасап отырғанын айтқан Лавров:

"Олар осындай зияраттарды қабылдамайды" деді.

АҚШ-тың мұндай ниетіне байланысты мәліметі болмағанын айтқан Лавров бұл туралы Өзбекстан әкімшілігінен сұрауды ұсыныс етті.

Лавров:

"Қайталаймын, Орталық Азиядағы достарымыз бізге АҚШ немесе НАТО елдерінің осындай талпыныстарын қаламайтындарын айтуда" деді.

Лавров Ресей-АҚШ қарым-қатынастары аясында кездесулер жалғасқанын білдіріп, екі елдің лидерлері арасында тіпті көп кездесулер өткізу бағдарламаларын ойластырғанын айтты. 

Сергей Лавров:

"Осындай кездесулерді дамыту үшін екі тараптың да ниеті айқын" деді. 



Ұқсас жаңалықтар