АҚШ Ливан армиясына ақшалай жәрдем береді

Виктория Нуланд АҚШ-тың Ливан армиясына 67 миллион доллар жәрдем беретінін айтты.

1720008
АҚШ Ливан армиясына ақшалай жәрдем береді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің саясатқа жауапты басшысы Виктория Нуланд Ливан армиясына 67 миллион доллар жәрдем беретіндерін айтты.

Нуланд Ливанға жасаған ресми сапардан кейін баспасөз жиналысын өткізді.

АҚШ-тың Ливанға өткен апта 6 соғыс тікұшақтарын тарту еткенін түсіндірген Нуланд мемлекетінің Ливан армиясына қосымша түрде 67 миллион доллар жәрдем беретінін білдірді.

Нуланд аталмыш ақшалай көмектің мазмұны және уақыты жайлы мағлұмат берген жоқ.

Ресейдің астанасы Мәскеуден алдыңғы күні Бейрутқа өткен Нуланд Ливан Президенті Мишель Аунмен қатар Мәжіліс төрағасы Небих Берри, премьер-министр Неджиб Микати және Сыртқы істер министрі Абдуллах Бухабибпен кездескен еді.

 



Ұқсас жаңалықтар