Үлкен жиырмалық елдерінің Сауда министрлері жиналысы аяқталды

Үлкен жиырмалыққа мүше елдердің Сауда және инвестиция министрлері жиналысы Италияда өтті.

1718953
Үлкен жиырмалық елдерінің Сауда министрлері жиналысы аяқталды

Үлкен жиырмалыққа мүше елдердің Сауда және инвестиция министрлері жиналысы кезекті төрағалық міндетін атқаратын Италияның Сорренто қаласында  өтті. 

Үлкен жиырмалыққа мүше елдердің күнімен жалғасқан Сауда және инвестиция министрлері жиналысы бірлескен декларациясының қабылдануымен аяқталды. 

Бұған қарағанда Үлкен жиырмалыққа мүше елдер Дүниежүзілік сауда ұйымында (ДСҰ) қажетті реформаларды жүзеге асыру үшін ұйымның барлық мүшелерімен белсенді және ауқымды жұмыс істеуге шешім қабылдады. 

Түркияға қоса Үлкен жиырмалыққа мүше елдердің Сауда және инвестиция министрлері кезекті төрағалық міндетін атқаратын Италияның Сорренто қаласында жиналды. 

Жиналыстың қорытынды декларациясында министрлердің негізі ДСҰ тарапынан қаланған, ашық, әділ, ауқымды, әділетті, тұрақты және тұнық көпжақты бір сауда жүйесін нығайту мәселесін талқылау үшін бас қосқаны атап көрсетілді.  

Министрлер осы орайда тұрақты бір сауда-инвестициялық ахуалды жүзеге асыру мақсатында міндеттемелерді қайта қарап шыққандарын білдірді. 

Декларацияда Үлкен жиырмалыққа мүше елдер жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясынан кейін төзімді, мықты, жалғастырыла алатын және ауқымды бір экономикалық процесті қалпына келтіру бағытында ынталандыратын бір орта құру, ковид-19 індетінің халықаралық сауда мен инвестицияға ықпалын азайту тақырыбында келісті. 

Декларацияда сондай-ақ «Біз қажетті реформаны жүргізу үшін ДСҰ-ның барлық мүшелерімен белсенді және ауқымды жұмыс істеуге міндеттіміз» делінді. 



Ұқсас жаңалықтар