АҚШ-та мешітке шабуыл

Шабуыл болған кезде мешіттің ішінде балалар ойнап жүрген.

1718835
АҚШ-та мешітке шабуыл

Америка Құрама Штаттарының Мичиган штатында бір мешітке шабуыл жасалды.

Детроит қаласына қарасты Рочестер Хилстегі мешітке кешке шабуыл жасалды.  Шабуыл болған кезде мешіттің ішінде балалар ойнап жүрген.

Шабуылдаушы мешіттің есігі мен терезелерін сындырып кеткен. Бұл әрекеттері камераға түсіп қалған.

Мешіттің қызметкері Мұхаммед Ахмет «Қорқынышты оқиға. Себебі ішінде балалар мен әйелдер бар еді. Жалпы біз осы ауданда өзімізді сенімді сезінеміз. Бірақ осы оқиға балаларға қатты әсер етті» деді.

Оқиғаға байланысты полиция тергеу бастады.


Этикеттер: #АҚШ , #шабуыл , #мешіт

Ұқсас жаңалықтар