"Ronapreve" Ковид-19-ды емдеуде қолданылады

Еуропа Дәрі-дәрмек агенттігі коронавирусты емдейтін "Ronapreve" атты дәріге екі ай ішінде рұқсат береді.

1718020
"Ronapreve"  Ковид-19-ды емдеуде қолданылады

Еуропа Дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) жаңа типті коронавирус індетін емдеу мақсатымен жетілдірілген "Ronapreve" атты дәрінің рұқсатын бағаландыра бастады. Еуропа Одағының дәрі ұйымы Еуропа Дәрі-дәрмек агенттігінен (EMA) жасалған мәлімдемеде швейцариялық дәрі компаниясы Roche мен америкалық Regeneron компаниясы тарапынан ортақ өндірілген "Ronapreve" атты моноклоналды антиденені емдейтін дәріні Еуропа нарқына шығару билігі үшін сұраныс берілгені хабарланды.

Мәлімдемеде қосымша оттегімен емдеуді қажет етпейтін және ауыр науқасқа  айналу қаупі жоғары болған 12 жастан үлкен адамдарды емдеуде қолданылатын дәрінің осы жастағы адамдарда аурудың алдын алу үшін де қолданылатыны білдірілді.

Мәлімдемеде Еуропа Дәрі-дәрмек агенттігінің дәрі комитеті басты материалы "casirivimab ve imdevimab" болған дәрі жөніндегі мәліметтерді бұрын да бақылағандықтан рұқсаттың екі ай ішінде берілетіні білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар