Күн сайын шамамен 52 адам HIV вирусын жұқтырады

142 мыңнан астам адам вирус жұқтырғанын білмейді.

1718390
Күн сайын шамамен 52 адам HIV вирусын жұқтырады

Батыс Африка елі Ганада күн сайын шамамен 52 адам адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғаны белгілі болды.

Гана СПИД (иммундық тапшылық синдромы) комиссиясының директоры доктор Киремех Атуахене елде HIV жұқтырғандар саны күн санап артып келе жатқанын мәлімдеді.

Атуахене елде күн сайын шамамен 52 адам HIV жұқтыратынын атап өтіп, өткен жылы бүкіл ел бойынша 346 120 адамның  HIV жұқтырғанын айтты.

Гана тұрғындарының көпшілігі ВИЧ/СПИД-ке тестілеуден қорқатынын айтқан Атуахене осы себепті елде 142 мыңнан астам адам вирус жұқтырғанын білмейтінін айтты.

Атуахене жақында ВИЧ-пен ауыратын әрбір 5 жағдайдың 1-і жастар, әдетте 15-24 жас аралығындағы адамдар екенін атап өтті. «Мұндай жағдайда ата -аналар балаларына осы жаста не істеу керектігін үйрету керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар