Йеменде 156 хоусит өлтірілді

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері хоуситтерге тиесілі әскери көліктерге әуе операциясы жасады.

1718556
Йеменде 156 хоусит өлтірілді

Йеменнің Мариб қаласына ұйымдастырылған әуе операцияларында  нәтижесінде 156 хоусит содыры залалсыздандырылды.

Сауд Арабиясы хабар агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда араб коалициясы соңғы 24 сағатта Мариб қаласының Абдийе ауданындағы хоуситтерге тиесілі әскери көліктерді нысанаға алып, 33 әуе операциясы жасады.

Әуе операцияларында 156 хоусит содыры қаза тауып, 8 әскери көлік жойылды.

Екінші жағынан хуситтерге тәуелді SABA ақпараттық агенттігінің жергілікті бір дереккөзге сілтеген хабарына қарағанда Сауд Арабиясы мен АҚШ жойғыш ұшақтары бүгін Абдия ауданына 50 әуе шабуылы жасады.

Әуе шабуылдарында үйлер, егістік алаңдар мен жеке меншікке зақым келгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар