Ұлыбритания толық вакциналанған жолаушыларды қабылдайды

Түркия қызыл тізімнен шығарылды.

1716682
Ұлыбритания толық вакциналанған жолаушыларды қабылдайды

Ұлыбритания 37 елден коронавирусқа қарсы вакцинациясын тамамдаған жолаушыларды ғана елге қабылдайтынын хабарлады. 

Айтылған 37 елдің арасында Түркия да бар.

Ұлыбритания Транспорт министрлігі елге келетін жолаушыларға байланысты жаңа шешімдерді жариялады. Осыған сәйкес Түркия қызыл тізімнен шығарылды.

Түркияны да қосқанда 37 елден Ұлыбританияға баратын жолаушылар  (Oxford/AstraZeneca, Pfizer-BioNTech, Moderna және Janssen) вакциналарын толықтай салдырған болған жағдайға елге кіре алады.

Ұлыбритания бекітілген ковид вакциналарын Түркияда салдырғандарды он күн үйде карантинде отыру шартынан шығарды.

Осы жаңа шешім бойынша 47 жерден Ұлыбританияға саяхат қызыл тізімнен алынып тасталды.

Қызыл тізімде тек жеті ел мен аймақ қалған.

 

Жаңа ережелер 11 қазан дүйсенбі күнінен орындала бастайды.



Ұқсас жаңалықтар