Малидегі террор шабуылында 9 әскер қаза тапты

Бандиагара қаласы маңындағы шабуылда 11 әскер де жарақат алды.

1716340
Малидегі террор шабуылында 9 әскер қаза тапты

Мали армиясының Твиттер аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Бандиагара қаласы маңында әскерлер мінген керуенді террористтер жолға орналастырылған жарылғыш затпен нысанаға алды.

Шабуылда 9 әскер қаза тапты, 11 сарбаз жараланды, 3 көлік жарамсыз болды.

Мәлімдемеде 15 террористің залалсыздандырылғаны және 20 мотоциклдің қолға түскені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар