Украина Қырым сайлауының артынан жаңа санкция тізімін жариялады
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитеті араларында Ресей азаматтары бар 95 адамды санкция тізіміне енгізді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей заңсыз аннексиялаған Қырымда өткізілген сайлауға байланысты жаңа санкция тізімін жариялады.
Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шешімімен араларында Ресей азаматтары да бар 95 адам бұл тізімде орын алды.
Зеленский санкция тізіміне енгізген бұл тұлғалар мен компаниялардың елге кіруіне мерзімсіз тыйым салынып, активтері тоқтатылды.
Сондай-ақ 3 ресейлік және 1 сингапурлық компанияның да экономикалық санкция тізіміне енгізілгені білдірілді.
Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында РФ Мемлекеттік Думасына 39 федеративті аймақтан өкілдерді сайлау және кейбір аймақ басшыларына қоса жергілікті әкімшіліктердің депутаттарын белгілеу үшін халық дауыс берген болатын.
Украина әкімшілігі Ресейдің Қырымда сайлау өткізуіне халықаралық құқық нормаларын бұзғаны себепті қарсы шыққан еді.
Еуроодақ (ЕО) болса Ресей заңсыз аннексиялаған Қырымда өткізген сайлауды мойындамайтынын жариялады. Ресей 2014 жылы Қырымды заңсыз аннексиялаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Ресей Франция мен Испания дипломаттарын қуды
Ресей 27 испандық және 41 француз дипломатты "Ұнатылмайтын адам" деп жариялады.

Беларусьте өлім жазасы атқарылады
Президент Александр Лукашенко Беларусь Жаза заңына өзгерістер енгізу құжатына қол қойды.