Тунистегі ұшақ апатында 3 адам қаза тапты

Мәлімдемеші Зекри апаттың түнгі уақыттарда әскери жаттығу барысында болғанын атап өтті.

1715404
Тунистегі ұшақ апатында 3 адам қаза тапты

Тунистің Габес уәлаятында бір әскери тікұшақ құлады. Апатта 3 әскер көз жұмды.

Тунис Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Мұхаммед Зекри мемлекеттің шығысындағы Габес уәлаятында бір әскери тікұшақтың құлағанын жариялады.

Апатта 3 әскердің мерт болғанын білдірген Зекри "Апаттың себептерін анықтау үшін оқиға орнына бір техникалық топ жіберілді" деді.

Мәлімдемеші Зекри апаттың түнгі уақыттарда әскери жаттығу барысында болғанын атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар