Ресейде тікұшақ апаты

Төтенше Жағдайлар министрлігі тікұшаққа мінген 3 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

1714258
Ресейде тікұшақ апаты

Ресейдің бас қаласы Мәскеу маңында бір тікұшақ апатқа ұшырады. Тікұшаққа мінген 3 адам қаза тапты.

Төтенше Жағдайлар министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда «Robinson R-44» азаматтық тікұшағы Мәскеу маңындағы Лыткарино қаласының орманды аймағына құлады.

Лауазымдылар тікұшаққа мінген 3 адамның қаза тапқанын білдірді.

Тікұшақтың техникалық ақау мен ұшқыштардың қателігі салдарынан құлауы мүмкіндігі екеніне назар аударылып, апатқа қатысты тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар